Тараз қаласындағы №67 жалпы орта мектебінде «Академиялық адалдық қағидаттары және оларды сақтау жолдары» тақырыбында педагогтерге арналған мазмұнды кездесу ұйымдастырылды.

0 6

Аталған іс-шара Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында өткізілді.
Жиынға мектептің педагогикалық ұжымы қатысып, білім беру үдерісіндегі әділдік, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарын сақтау мәселелері жан-жақты талқыланды.
Кездесуде Тараз қалалық мәслихатының депутаты Әсел Жапарова Әбілханқызы және «Әділдік жолы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының жетекшісі Назима Жұбандықова қатысып, тақырып аясында маңызды баяндамалар жасады.
Спикерлер өз сөздерінде академиялық адалдықтың білім сапасына тікелей әсер ететінін атап өтіп, мұғалімдердің әділ бағалау жүргізуі мен оқушыларға дұрыс бағыт-бағдар беруінің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, оқу процесінде заң талаптарын сақтау, плагиатқа жол бермеу және кәсіби әдеп нормаларын ұстану мәселелері түсіндірілді.
Іс-шара барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, тәжірибелік сұрақтарға жауап алды. Кездесу педагогтердің кәсіби деңгейін арттыруға және адалдық мәдениетін нығайтуға бағытталды.
Жиын қорытындысында академиялық адалдық қағидаттарын сақтау – сапалы білім беру жүйесінің негізгі кепілі екені атап өтілді.
Аталған дәріс «Адал қоғам» ҚБ ұйымдастыруымен өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.