Тараз қаласындағы №12 балабақшада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғамда адалдық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған кездесу өтті.

0 4

Аталған іс-шара Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы жүзеге асырып отырған «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы аясында және техникалық ерекшелік талаптарына сәйкес өткізілді.
Кездесудің мақсаты – мектепке дейінгі білім беру ұйымы қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және адалдық қағидаттарын нығайту.
Іс-шараға балабақша ұжымы қатысып, кәсіби қызметтегі ашықтық, әділдік және жауапкершілік мәселелерін талқылады. Жиынның спикері – «Әділдік жолы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының жетекшісі Назима Жұбандықова болды.
Спикер өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру ерте жастан басталуы тиіс екенін атап өтіп, тәрбиешілердің балаларға адалдық, әділдік құндылықтарын сіңірудегі маңызына тоқталды. Сонымен қатар, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, ашықтық қағидаттарын ұстану және заң талаптарын орындау мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Кездесу барысында қатысушылар пікір алмасып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Ашық форматтағы диалог жиынның мазмұнын тереңдете түсті.
Іс-шара қорытындысында адалдыққа негізделген тәрбие – жемқорлықсыз қоғам қалыптастырудың басты кепілі екені атап өтілді. Аталған дәріс «Адал қоғам» ҚБ ұйымдастыруымен өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.