KAZINFORM — Алматы қаласының бірнеше жол аумағында жол жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы әкімдіктің ресми парақшасында жарияланды. 2 қазан сағат 22:00–ден 3 қазан сағат 09:00–ге дейін Момышұлы көшесі — Рысқұлов даңғылының оңтүстік бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі. Ал Алатау даңғылы — Төле би көшесімен қиылысында 3-4 қазан күндері сағат 08:00–ден 18:00–ге дейін көлік қозғалысы ішінара шектеледі.
Дереккөз: Inform

Пікірлер