Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты жаппай наразылықтар басталды. 50-ден астам қала көшелеріне ондаған мың адам шықты. Кей жерлерде демонстранттар мен полиция арасында қақтығыс тұтанды, деп хабарлайды Zakon.kz. Euronews мәліметінше, мұндай жаппай шерулерге, негізгінен, сенбіде, 2026 жылғы 3 қазанда Испания парламентінің жалға алушыларды қорғап, жылжымайтын мүлік бағасы өсімін тежеуге бағытталған үкіметтік заң жобаларын қабылдамай тастауы түрткі болған.
Дереккөз: Zakon

Пікірлер