Тартылған байланыс желілерінің жалпы ұзындығы шамамен 12 мың шақырымға жетті. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz «Ауылдық жерлерде биылғы жоспар бойынша 1,6 мың ауылдың 370-і байланысқа қосылды, жалпы ұзындығы 11 819 шақырым байланыс желісі тартылды. 2027 жылы облыстық және республикалық маңызы бар 40 мың шақырым автожолды байланыспен қамту жоспарланған. Бұл үшін 500-ден астам антенна-мачталық құрылым орнату көзделген», — деді Жаслан Мәдиев.
Дереккөз: Jambylinfo

Пікірлер