2028 жылы Қазақстанда 2 ГВт дәстүрлі генерация қуатын, ал 2029 жылы 2,3 ГВт дәстүрлі генерация қуатын іске қосу жоспарлануда. Энергетика министрлігі электр энергетикасын дамытудың 2028–2029 жылдары жаңа генерациялайтын қуаттарды кезең-кезеңімен енгізуді көздейтін ұзақ мерзімді жоспарын қалыптастырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Жоспар энергетикалық жүйенің қолда бар қуатын арттыруға, электр энергиясына өсіп келе жатқан сұранысты қамтамасыз етуге, сондай-ақ дәстүрлі генерация мен жаңартылатын энергия көздерін одан әрі дамытуға бағытталған. 2028 жылы Қазақстанда 2 ГВт дәстүрлі генерацияны іске қосу жоспарланған.
Дереккөз: Jambylinfo

Пікірлер