«Оның істегенін ақтауға мүлдем болмайды»: Айсәуле Бақытбек әкесін кешірмегенін айтты
Баян Мақсатқызы мен Бақытбек Есенбаевтың тұңғышы Айсәуле Бақытбек желіде әкесімен қарым-қатынасы туралы әсерлі жазба жариялады, хабарлайды Jambylinfo.kz.
«Мен әкеммен түскен сурет жариялап едім. Көп адам пікір қалдырыпты.
«Әкеңмен татуласқаның жақсы болған екен», «Әкең өте жақсы еркек» деп жазған екенсіздер. Маған бұл ұнамайды. Себебі, бұл дұрыс адамдар үшін дұрыс нәрсе емес. Оның істегенін ақтауға мүлде болмайды. Ол мүмкін емес»,- деп жан сырын ақтарыпты ол.
Сондай-ақ, ол әкесімен қарым-қатынас орнату қиынын, оған көп еңбек пен күш-жігер қажеттілігін жазған.