БІЗ ҮШІН ҮЛКЕН ТАБЫСКӨЗІ: АЭС ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА САЛЫНА МА?

0 352

Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша референдум 6 қазанда өтеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйекте халыққа жолдауында айтты.
«Күн өткен сайын экономикамызға мол энергия қажет болып жатыр. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады. Қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр станциясы жұмыс істеп тұр»,- деді Тоқаев.

Бұған дейін атом электр станциясын орналастырудың оңтайлы алаңы ретінде Алматы облысының Жамбыл ауданы ұсынылған еді.

Бүгін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек АЭС Жамбыл облысында салу туралы жауап берді.

«АЭС-тің нақты қайда салынатыны туралы нақты ақпарат шыққан жоқ. Әртүрлі жоспарлар бар. Оңтүстік өңірлердің басым көпшілігі электр энегриясын Солтүстіктен аламыз. Ал егер ол Оңтүстікте салынатын болса, ірі компаниялар сол жердің электр энергиясын алуға қол жеткізеді. Екіншіден экологиялық мәселелер шешімін табады. Үшіншіден, бізге қосымша электр қуаттарын алатын көздер іздеудің қажеті жоқ. Ел ішінде айтылып жұрген мәселе – қауіп. Бұл бірнеше деңгейде қорғалатын нысан болады. Ешқандай радициялық, экологиялық зардап жоқ. Жаңа технологияларға сәйкес. Тағы бір сұрақ. Біз оны пайдалана аламыз ба? Әрине. Қазақстанда атоммен айналысып отырған бірнеше институттар бар. Біздің тиісті мамандарымыз да бар. Жұмыс істейтін мамандар да шығады деп ойлаймыз. Жоспар бойынша құрылыста 10-12 мыңға дейін адамдар жұмыс істейді. Егер біздің өңірде салынатын болса, біз үшін үлкен көмек. Үлкен салық көзі. Табыс көзі. Үлкен еңбекақы.сондықтан біз толық қосыламыз, қолдаймыз» — деді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.