Жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ ЭКО-БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗДІ

Республикада 15 тамыз — 15 қыркүйек аралығында қоғамдық эко-бақылау бойынша республикалық акциясы жүргізілуде. Акция аясында мониторингтік іс-шара өткізіліп жатыр.  Осыған орай Жамбыл облыстық қоғамдық…

sert-informSERT INFORM тілшісі

Республикада 15 тамыз — 15 қыркүйек аралығында қоғамдық эко-бақылау бойынша республикалық акциясы жүргізілуде. Акция аясында мониторингтік іс-шара өткізіліп жатыр. 

Осыған орай Жамбыл облыстық қоғамдық кеңес мүшелері Меркі ауданынның тарихи-мәдени нысандарына эко-мониторинг жүргізді. Нақтысы, туристік және тарихи-мәдени нысандарға, абаттандыру және жасыл желектерді суару жүйесіне, экополигон, жер қойнауын пайдалану нысандарына жүргізілді.
Сондай-ақ, кеңес мүшелері аудан әкімімен жүздесіп, бірқатар мәселелерді талқылады.

Айта кетейік, жобаның мақсаты – халықты табиғатты қорғауға және оған ұқыпты қарауға, проблемалық мәселелерді анықтап, азаматтық қоғамды белсенді тарта отырып шешу. Сондай-ақ өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге белсенді қатысуға және жалпы әл-ауқатқа үлес қосуға дайын күшті, ұйымшыл және жауапты қоғам құруға ықпал етеді.

Пікірлер

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *