ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ БЕКБОЛАТ ОРЫНБЕКОВ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бекболат Орынбеков Тараз қаласына іс-сапармен келді.
Жұмыс сапары аясында «Жайлы мектеп» жобасы аясында соғылып жатқан білім ұяларының құрылысын аралады. Нақтысы, «Бәйтерек», «Ұлы дала» мөлтек ауданындағы мектептерге барды. Мердігерлердің айтуынша, қыркүйек айының соңына дейін құрылыс бітеді. Сенатор құрылыстың сапасына аса мән беріп, мерзімінде бітіруді тапсырды
Еске салайық, Президенттің тікелей тапсырмасымен жүзеге асып жатқан ұлттық жобасы аясында елімізде 2024 жылы Қазақстанда 208 жайлы мектеп бой көтереді. Ал Жамбыл облысында жалпы 12 білім ұясы салынады деп жоспарлануда. Оның 6-ның құрылысы биыл жыл соңына дейін аяқталады.