Айбек Оралбай – бокстан Әлем кубогының алтын жүлдегері

0 43

Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай Астанада өтіп жатқан бокстан Әлем кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Оралбай финалда Германиялық боксшы Никита Путиловпен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Жекпе-жек бойы техникалық және тактикалық артықшылығын танытқан ол төрешілер шешімімен таза жеңіске жетті.

Айбек Оралбай бұған дейін де халықаралық жарыстарда ел намысын абыроймен қорғап жүрген спортшылардың бірі. Бұл алтын медаль – оның спорттық мансабындағы тағы бір жарқын жетістік.

Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы 8 алтын және 4 күміс медальмен жарысты сәтті аяқтауда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.