Аймақта сұйытылған газға сұраныс артты: 31 мыңнан астам көлік СМГ-ға көшкен

0 12

Аймақта соңғы күндері автогаз тапшылығы байқалды. Жүргізушілер үшін бұл қолайсыздық туғызғанымен, жауапты басқарма жағдайдың уақытша екенін мәлімдеді. Қосымша көлем бөлініп, жақын күндері газ жеткізу қалыпқа келеді.

Жамбыл облысында 31 газ желісі ұйымы бар, 247 автогаз құю бекеттері арқылы сұйытылған мұнай газы (СМГ)сатылады.

ҚР Энергетика министрлігі тарапынан тоқсан сайын әлеуметтік бағада сұйытылған мұнай газы бөлініп отырады. 2025 жылдың қазан айына облысқа 5 282 тонна СМГ бөлінген.

Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, облыс бойынша газ қондырғысымен жабдықталған көліктердің саны бүгінгі күнге 31 326 бірлікке артқан.

Leave A Reply

Your email address will not be published.