Александр Бублик Роттердамдағы турнирдің финалына өте алмады
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Нидерландтың Роттердам қаласында өтіп жатқан ATP 500 санатындағы турнирдің финалына шыға алмады.
Жартылай финалда ол 25 жастағы канадалық Феликс Оже-Альяссим қарсы ойнап, 6:1, 6:2 есебімен жеңіліс тапты. Кездесу небәрі 55 минутқа созылды.
Қазіргі таңда Бублик әлемдік рейтингте оныншы орында тұр.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның жұптық сындағы үздік теннисшісі Анна Данилина Дохада өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалында сербиялық Александра Круничпен бірге жеңіске жеткен болатын.