Анна Данилина Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің финалында ойнайды
Жартылай финалда ол Александра Круничпен бірге Букша / Меликар-Мартинес жұбын 6:3, 6:4 есебімен қапы қалдырды.
Бұл нәтиженің арқасында Данилина жұптық сындағы әлемдік рейтингте төртінші орынға көтеріледі. Бұл Аннаның жеке рекорды әрі отандық теннис тарихындағы ең биік белестердің бірі.
Енді алда бас жүлде үшін талас. Финалда Анна мен Александра Катерина Синякова (Чехия) және Тейлор Таунсенд (АҚШ) жұбымен кездеседі.