Ақордада бірқатар ауыс-түйіс болды

Президент Қасым-Жомарт-Тоқаевтың өкімімен Ақордада бірқатар ауыс-түйіс болды

0 28

Мемлекет басшысының өкімімен Болат Оралұлы Ақшолақов Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды. Оның орнына Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, — делінген Ақорда таратқан хабарламада.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Рустам Ахатханұлы Баялиев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өңірлік даму мониторингі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.