Әр әйел – өзгерістің бастауы: Таразда TEDx форматындағы мотивациялық кездесу өтті
«Рухы мықты: Ел дамуына үлес қосқан арулар» – шабыт пен серпіліс алаңы
Қазақстан Республикасының күніне орай Қазақстан Халық партиясының Жамбыл облыстық филиалының Әйелдер қанаты өңірдің дамуына үлес қосқан іскер әйелдерге арналған ерекше кездесу ұйымдастырады.
Іс-шара 24 қазан күні сағат 11:00-де, Пушкин көшесіндегі «Голливуд» кинотеатрында TEDx форматында өтеді.
Рухы мықты әйелдер – ел тірегі
Кездесудің басты мақсаты – қоғамда белсенді, табысты, көшбасшы әйелдердің тәжірибесін насихаттап, жаңа буынға мотивация беру.
Спикерлер өздерінің табысқа жету жолдарын, өмір мен бизнестегі қиындықтарды қалай жеңгенін және ел дамуына қосқан үлесін әңгімелейді.
Спикерлер қатарында:
-
Назима Жұбандықова – қоғам белсендісі, әлеуметтік жобалар бастамашысы;
-
Даулетбаева Әйгерім Маратбекқызы – жас кәсіпкер, әйелдер көшбасшылығын дамыту бағытындағы бастамалардың авторы;
-
Есім Нүрила Ержанқызы – мәдениет саласының өкілі, рухани құндылықтарды дәріптеуші.
Кездесудің модераторы – Әсел Жапарова, Тараз қалалық мәслихатының депутаты, «Sert Inform» ақпарат агенттігінің директоры.
Әр әйел – өзгерістің бастауы
«Бұл кездесу – рухани серпіліс пен шабыт алаңы. Әр әйелдің бойында ел дамуына ықпал ететін күш, жігер мен идея бар. Біз сол әлеуетті ашу үшін бірікпекпіз», – дейді модератор Әсел Жапарова.
Келіңіздер, тыңдаңыздар, шабыттаныңыздар!
«Рухы мықты» кездесуі – жаңа ой, мотивация және рухани қуат сыйлайтын ерекше алаң.