Асыл тұқымды малға жеңілдетілген несие: фермерлерге қандай талаптар қойылады?
Қазақстанда мал шаруашылығын дамытуға бағытталған екі жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы іске қосылмақ. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі ресми хабарлады.
1. Асыл тұқымды мал сатып алуға арналған несие:
-
Несие 5%-дық мөлшерлемемен беріледі;
-
Аграрлық несие корпорациясы арқылы рәсімделеді;
-
Несие мерзімі: 6–7 жыл;
-
Бағдарламаның қаржылық қажеттілігі: 50 млрд теңге;
-
Қаржыландыру бөлу мәселесі заңнама талаптарына сәйкес пысықталып жатыр.
2. Бордақылау алаңдары үшін айналым қаражатын толықтыру:
-
Несие мөлшерлемесі: 5%;
-
Несие мерзімі: 15 ай (қысқа мерзімді);
-
Қаржыландыру көлемі: тағы 50 млрд теңге;
-
Жүзеге асырушы: Аграрлық несие корпорациясы.
Бұл бағдарламалар фермерлерге асыл тұқымды мал (сиыр, қой) сатып алуға және өндірісті кеңейтуге арналған. Ауыл шаруашылығы министрлігі осы бағдарламалар бойынша қаржы бөлу жұмыстары тиісті заңнамаға сәйкес пысықталып жатқанын мәлімдеді.
Сонымен қатар, Ақмола облысының Атбасар ауданында сібір жарасы тіркеліп, бірнеше округте карантин жарияланды. Министрлік эпизоотиялық ошақты жою шаралары қолға алынғанын хабарлады.