Аягөзде құтқарушылар алюминий құтыға кіріп кеткен бес жасар баланы аман алып шықты

0 39

Абай облысының Аягөз қаласында бес жасар бала ойнап жүріп, алюминийден жасалған үлкен құтының (фляга) ішіне кіріп кетіп, қайта шыға алмай қалған. Бұл оқиға баланың ата-анасының көз алдында болған. Олар өз күштерімен баланы шығара алмай, жедел түрде құтқарушыларды шақырған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) қызметкерлері оқиға орнына дереу жетіп, «Holmatro» гидравликалық жабдығының көмегімен құтының қабырғаларын кесіп, баланы аман-есен сыртқа шығарып алған.

«Қазіргі уақытта баланың жағдайы жақсы. Ол медициналық көмекке мұқтаж емес», – делінген ТЖМ хабарламасында.

Оқиға барысында ешқандай жарақат тіркелмеген. Құтқарушылар баланы ата-анасына тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.