Азиада-2025: Қазақстан әйелдер құрамасы керлингтен алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Қытайдың Харбин қаласында қысқы Азия ойындары жалғасуда. 10 ақпан күні керлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқы жеңісіне жетті

0 32

Қазақстан құрамасының сапында Тилсимай Аллиярова, Мерей Тастемір, Ангелина Эбауер, Екатерина Колыхалова, Регина Эбауер өнер көрсетті.

Топтық кезеңде отандастарымыз Тайбэй құрамасымен кездесті. Қазақстандықтар қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмай, 0:14 есебімен жеңіске жетті.

Келесі матч Астана уақытымен сағат 16:00-де Қытай құрамасына қарсы болмақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.