«Баланың 25 жерінен тістеген»: Шиелі балабақшасындағы жағдай жұрттың жағасын ұстатты

0 26

Қызылорда облысы, Шиелі ауданындағы жекеменшік «Раяна» балабақшасында бір жарым жасар қыз бала ауыр дене жарақатын алды.

Жәбірленушінің анасы журналист Гүлмира Әбіқайға берген сұхбатында баласын балабақшадан алып кеткен кезде бетінің ғана тістелгенін айтқан тәрбиешілер арқасындағы іздер туралы ескертпегенін жеткізді. Ана үйіне келгенде ғана сәбидің денесінің сау жері қалмағанын байқаған.

Бұл оқиға бүлдіршін балабақшаға барған екінші күні болған. Қатты қорқып қалған бала бірнеше күн ұйықтай алмай, ауырсынудан жылап шыққан.

Камераны көрсетпей отыр, бақшада ешкім жедел-жәрдем шақырмаған. Тәрбиешілер жай ғана баланы ата-анасына табыстап, «бетін тістеп алыпты» деп арқасындағы тіс ізі жайлы айтпады. Қолды-аяққа тұрмай шырылдаған баланың тістелмеген жері жоқ екенін үйде денесін көргенде бір-ақ байқадым,
— дейді анасы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.