Бақытбай Сабырбектің наставничествосын 1 млн теңгеге сатып алдым

0 53

Тараз қаласының тендер эксперті Бахытжан Кемелхан Sert-inform подкастына сұхбат беріп, коуч Бақытбай Сабырбектің наставничествосын 1 миллион теңгеге сатып алғанын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, бірнеше ай бұрын коуч ерекше баласы бар анаға ауыр сөз айтқаны үшін қоғамда қызу талқыланып, сынға қалған болатын. Кейін ол әйелге Умра сапарына жолдама сыйлағаны белгілі болды.

Бахытжан Кемелханның айтуынша, ол тендер бағытында төрт жылдан астам уақыт жұмыс істеген. Уақыт өте әлеуметтік желі арқылы адамдар жиі хабарласып, тендер қатысу жолдарын үйретуді сұрай бастаған.
«Содан кейін маған ой келді — тендерді үйретіп, жақсы нәтиже көрсеткен адамдарды жұмысқа қабылдайын деп курс аштым», — дейді ол.
Оқу бағдарламасын бастау үшін сарапшы коучтың наставничество курсын сатып алған. Оның айтуынша, сабақтарды аяқтағаннан кейін коуч оның тәжірибесін байқап, бірге жұмыс істеуді ұсыныпты. Алғашында серіктестік табысы 40/60 үлесінде бөлінген.

Кемелханның сөзінше, уақыт өте келе серіктесінің қаржылық қиындықтары туындап, келісілген табысты уақытында төлемеу жағдайлары болған. Кейін үлес 50/50 болып өзгертілген. Содан кейін өзім де бұл істі жүргізе алатынымды түсіндім.
«Ол кісі маған ұсыныс тастады. Бірнеше инвесторлар бірігіп ақша салдық. Қомақты қаржы. Басында ақшамызды салдық, үлес көрсетілді. Бір-екі рет берді. Кейіннен бермей қойды. Мен заң арқылы 42 млн теңгемді қайтарып алдым», — дейді ол.
Подкасттың толық нұқасын Sert-inform ютуб арнасынан көре аласыздар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.