Беларусь Президенті Лукашенко 16 адамға кешірім берді, арасында экстремизм үшін сотталғандар да бар

0 6

Беларусь Президенті Александр Лукашенко елдің Тәуелсіздік күні қарсаңында 16 сотталған азаматқа кешірім беру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы БелТА мемлекеттік агенттігі хабарлады.

Кешірім алғандардың қатарында сегіз ер адам және сегіз әйел бар. Олардың кейбіреуі әлеуметтік жағынан осал топтарға жатады: үш адам 50 жастан асқан, екеуі созылмалы дертке шалдыққан, біреуі мүгедек. Сондай-ақ тоғыз сотталған азаматтың кәмелетке толмаған балалары бар.

БелТА хабарлауынша, кешірімге іліккендердің барлығы жасаған қылмыстарына өкініш білдіріп, кешірім сұраған. Олардың арасында әртүрлі қылмыс жасағандар, соның ішінде экстремистік сипаттағы әрекеттері үшін сотталғандар да бар.

Бұл шешім Беларусь билігінің азаматтық және гуманитарлық шаралар аясында қабылдаған кезекті қадамы ретінде қарастырылып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.