«Бұл өзгелерге сабақ болсын»: Анасының соттағы жүрекжарды хаты

0 38

Сотта ана жүрегімен жазылған хат оқылды.
Шерзат Болаттың өліміне қатысты өтіп жатқан сот процесі кезінде оның анасы Гүлбара Бишембиева жазған жүрекжарды хат оқылып берілді. Зардап шеккен тараптың адвокаты Мейірман Шекеев хатты көпшілік алдында жария етті.

Хатта анасы ұлының өліміне күдікті деп танылған азаматқа ең қатаң жаза – өмір бойына бас бостандығынан айыруды немесе кем дегенде 20 жылдан жоғары мерзім беруді сұрады.

«Мен ешбір ананың көз жасына қалмасын деймін. Құрметті сот, әділ шешім шығарасыз деген үміттемін. Бұл тек менің балам үшін емес – ертеңгі күні тағы бір бала қайғылы жағдайға тап болмасын. Жаза қатал болса, өзгелерге сабақ болар еді», — деп жазды анасы.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай айыпталушы Абзал Шынасылды 23 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.