БҰҰ Израиль мен АҚШ-тың Иранға әуеден жасаған соққыларын айыптайды

0 3
Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Фолькер Түрк АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери әрекеттерін, сондай-ақ Тегеран тарапынан болған жауапты соққыларды ресми түрде айыптайды

БҰҰ Израиль мен АҚШ-тың Иранға әуеден жасаған соққыларын айыптайды.

«Мен Израиль мен Америка Құрама Штаттарының Иранға жасаған бүгінгі әскери соққыларын, сондай-ақ Иранның жауапты қарулы соққыларын айыптаймын», деп атап өтті БҰҰ өкілі.

Ол қарулы қақтығыстың негізгі ауыртпалығы бейбіт азаматтардың мойнына түсетінін атап өтті. БҰҰ өкілінің пікірінше, ұстамдылықтың болмауы және жанжалды тоқтата алмау шиеленістің одан әрі ушығуына әкеліп соғуы мүмкін. Оның айтуынша, бұл сөзсіз Иран ғана емес, бүкіл Таяу Шығыс аймағында орын алатын мән-мағынасыз қирандылар мен адамдар өліміне әкеліп соғады.

Ал дәл қазіргі уақытқа Тау Шығыстағы жағдай былайша сипатталуда:

  • ЕО аймақ елдерімен бірге дипломатиялық реттеу жолдарын қарастырып жатқандарын айтты.
  • Франция БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін шұғыл түрде өткізуге шақырды. Иран келіссөздерге қайта оралып, ядролық және зымырандық бағдарламалардан бас тартуы керек.
  • Ирандағы Минабтағы қыздар бастауыш мектебіне тиген зымыран салдарынан 53 мектеп оқушысының қаза тапқаны хабарланды.
  • Израильдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесі шетелдегі барлық израильдіктерді «әлемнің кез келген жерінде» сақтық шараларын сақтауға шақырды. Билік отандастарына, басқалармен қатар, олардың орналасқан жері немесе жоспарланған сапарлары туралы деректерді әлеуметтік желілерде жарияламауға кеңес берді.

Айта кетсек, 2026 жылдың 28 ақпанында Иранда жарылыстар болды. Израиль Қорғаныс министрі Исраэль Кац әуе соққылары «Израильге төнген қатерлерді жоюға» бағытталғанын мәлімдеді. Иранға жасалған шабуылға АҚШ-тың да қатысы бары айтылды. Көп ұзамай АҚШ президенті Дональд Трамптың видео үндеуі жарияланды. Ол АҚШ кең көлемді операцияны бастағанын жариялады. Сондай-ақ Air Astana Таяу Шығысқа қатынайтын барлық рейстің тоқтатылғанын хабарлады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.