Дархан Сатыбалды Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды
Бұған дейін ол Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарды.
Дархан Амангелдіұлы 1974 жылы 26 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
1996 жылы С.Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылық институтын, 2003 жылы Қазақ гуманитарлық заң академиясын бітірген.
Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы Келес ауданының Келес кеңшары бөлімшесінің жұмысшысы ретінде бастаған.
Әр жылдары Шымкент қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған.
2022-2025 жылдары Түркістан облысының әкімі болған.
Айта кетейік, бұған дейін Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі болды. Ол бұл қызметке 2022 жылдың 31 қаңтарында тағайындалған еді.