Елімізде алғашқы атом электр станциясы салынатын орын анықталды
АЭС Алматы облысындағы Жамбыл ауданында салынбақ.
«Алматы облысының Жамбыл ауданы – «Атом электр станциясы» ядролық қондырғысы салынатын аудан туралы шешім қабылдансын», — делінген Үкімет қаулысында.
Бұл шешім 2024 жылдың 30 желтоқсанда қабылданған еді. Алайда құжат ресми түрде бүгін яғни 25 ақпанда күшіне енеді.