Газа мәселесі: Дохада Израиль мен ХАМАС арасындағы келіссөздердің жаңа кезеңі басталды

0 25

Израиль мен палестиналық ХАМАС қозғалысы арасында Газа секторында атысты тоқтату бойынша жанама келіссөздердің кезекті кезеңі Катар астанасы Дохада басталды. Бұл туралы ТАСС агенттігі Al Araby телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

France-Presse агенттігінің мәліметінше, Қатар делдалдық жасап отырған бұл кеңестерде тараптар:

  • атысты тоқтату режимін енгізу тетіктерін,

  • Газадағы израильдік тұтқындарды Израиль түрмелерінде отырған палестиналықтарға айырбастау мүмкіндігін талқылап жатыр.

Бұған дейін Қатар, Египет және АҚШ-тың арағайындығымен өткен келіссөздер бір нәтижеге келе алмаған еді.

Еске салсақ, Израиль армиясы биылғы наурыз айында қаңтарда бекітілген атысты тоқтату режимін бұзып, Газа секторында әскери операцияларды қайта бастаған болатын.

Қазіргі келіссөздер нәтижесі аймақтық тұрақтылыққа әсер етуі мүмкін және халықаралық қауымдастық тарапынан жіті бақылауға алынған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.