Индонезияда екі қазақстандық азамат өлім жазасына кесілуі мүмкін

0 12

Индонезияда екі қазақстандық азаматқа өлім жазасы тағайындалуы мүмкін. Олар Бали аралында сәуір айында ұсталған. Елдің құзырлы органдары олардың қолынан шамамен 49 грамм метамфетамин тәркіленгенін мәлімдеді.

Бұл ақпаратты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ресми түрде растады.

— Аталған азаматтарға қатысты Индонезияның құзырлы органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осыған байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді. Қазақстанның Джакартадағы елшілігі тергеу органдарымен және айыпталушылардың туыстарымен байланыс орнатқан. Бұл мәселе қазақстандық дипломаттардың ерекше бақылауында, — деді министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Индонезия есірткі қылмыстарына өте қатаң жаза қолданатын елдердің қатарында. Жергілікті заңнамаға сәйкес, метамфетамин сияқты есірткі заттарын заңсыз тасымалдау немесе сақтау өлім жазасымен жазалануы мүмкін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.