Instagram арқылы 1,3 млрд теңге жиналған: Тотақановтар отбасына алаяқтық бойынша айып тағылды

0 8

Астанада Тотақановтар отбасына қатысты алаяқтық және заңсыз жолмен алынған табысты заңдастыру фактісі бойынша қылмыстық іс қаралып жатыр. Тергеу мәліметінше, 2020–2024 жылдар аралығында отбасы мүшелері Instagram желісіндегі @altair_tota парақшасы арқылы баласының ауыр дертіне байланысты жалған қайырымдылық науқанын ұйымдастырған.

Азаматтардан жиналған 1,3 млрд теңгеден астам қаржы емге емес, құмар ойындарға, сәнді киім-кешекке, шетел сапарларына және басқа да жеке тұтынуға жұмсалғаны анықталды. Ақша Тотақанова, оның анасы және 2021 жылы қайтыс болған әжесінің атына ашылған шоттар арқылы қозғалған.

Қазір айыпталушыларға ҚР ҚК:

  • 190-бабының 4-бөлігі, 2-тармағы – “Аса ірі көлемде жасалған алаяқтық”;

  • 218-бабының 2-бөлігі, 1-тармағы – “Қылмыстық кірістерді заңдастыру” бойынша айыптар тағылған.

Іс Астананың Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.