IQ VOLLEYBALL командасының керемет жеңісі!

0 277

Бүгінгі қалалық жарыста IQ VOLLEYBALL командасы жоғары деңгейде ойын көрсетіп, тамаша нәтиже көрсетті.

Іріктеу кезеңінде Аса командасы мен Жасын волейбол клубына қарсы ойнап, екі кездесуде де айқын басымдықпен жеңіске жетті.


Осы нәтижемен команда финалдық кезеңге өтіп, Даму волейбол клубы және №59 мектеп командаларымен күш сынасты. Финалда да қарсыластарынан басым түсіп, барлық ойындарды жеңіспен аяқтады.

🔥 Қорытындысында IQ VOLLEYBALL командасы жүлделі І орынды иеленді!

Жетекшілері: Тлеубаева Жания, Сүлейман Қуаныш.

Команданы шын жүректен құттықтаймыз! Алда тек жеңістер болсын! 💪🏐

Leave A Reply

Your email address will not be published.