Иран мен АҚШ Израильмен қақтығыс ушығуына байланысты тікелей келіссөздер жүргізді

0 23

АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Виткофф пен Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи өткен аптада Израильдің Иранға қарсы соққылары басталғаннан бері бірнеше рет телефон арқылы сөйлесті. Reuters агенттігінің үш дипломаты бұл кездесулердің дағдарысты дипломатиялық жолмен шешуге бағытталғанын хабарлады

Дипломаттардың айтуынша, Иран сыртқы істер министрі Аббас Аракчи 13 маусымда басталған Израиль шабуылдары тоқтамайынша, келіссөздерге қайта оралмайтынын мәлімдеген.

– Келіссөз барысында АҚШ мамыр айының соңында Иранға ұсынған ұсынысы қарастырылды. Бұл ұсыныс – уран байыту жұмыстарын Ираннан тыс жерде жүргізетін аймақтық консорциум құруға бағытталған. Алайда Тегеран бұл ұсынысты қабылдаудан бас тартып отыр, – дейді дипломаттар.

Бұл аптада екі тарап телефон арқылы сөйлескенімен, бұған дейін Оман мен Италияда өткен кездесулерде тек қысқа пікір алмасу болған. Келіссөздер негізінен жанама түрде жүргізілген.

Тегеранға жақын аймақтық дипломаттың хабарлауынша, Аракчи Виткоффқа «Егер АҚШ Израильге соғысты тоқтатуға қысым жасаса, Иран ядролық мәселеде икемділік танытуы мүмкін» деген.

Еуропалық дипломаттың сөзінше, Иран ядролық келіссөздерге дайын екенін айтқан, бірақ Израиль бомбалауды жалғастырса, бұл мүмкін болмайды.

Сәуірден бері өткен жанама келіссөздерді есептемегенде, бұл Иран мен АҚШ өкілдерінің тікелей алғашқы байланысы болды.

АҚШ президенті Дональд Трамп Тегераннан уран байытуды тоқтатуды талап етіп отыр, ал Иранның рухани жетекшісі аятолла Әли Хаменеи уран байыту құқығын талқылауға жатпайтынын мәлімдеген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.