Йеменде мешітке жасалған шабуылдан 9 адам қаза тапты

0 21

Құрбан айт мейрамының кешкі намазы кезінде Йеменнің Эль-Бейда провинциясындағы мешітке қарулы шабуыл жасалды. Белгісіз ер адам жамағат жиналған сәтте граната лақтырып, артынша оқ жаудырған. Оқиға салдарынан 9 адам қаза тауып, 12 адам жарақат алған, олардың арасында 12 жастағы бала да бар.

Куәгерлердің айтуынша, мешіт ішінде үрей мен дүрбелең орнап, адамдар қауіпсіз жер іздеп, кейбірі көшеге қашып құтылған.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, күдікті бір жарым сағат ішінде қолға түскен. Алдын ала деректер оның психикалық ауытқуы барын көрсетеді. Қазір шабуылдың себептері мен мотивтері тергеліп жатыр.

Қасиетті мейрам бейбітшіліктің символы болуы тиіс еді, алайда бұл оқиға оны қайғы мен үрейге айналдырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.