«Көңілім қалды»: Трамп Ресейге шүйлігіп, маңызды мәлімдеме жасайтынын хабарлады

0 51

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп NBC арнасына берген сұхбатында Ресейден көңілі қалғанын айтып, алдағы дүйсенбі күні маңызды мәлімдеме жасайтынын мәлімдеді.

«Ресейден көңілім қалды. Бірақ алдағы бірнеше аптада не боларын көре жатармыз», – деді Трамп.

Сұхбат барысында ол АҚШ, НАТО және Украина арасындағы жаңа келісім туралы да айтып өтті. Жаңа механизмге сәйкес, АҚШ қару-жарақты НАТО-ға сатады, ал альянс оны Украинаға жеткізумен айналысады.

«Біз НАТО-ға қару береміз. Олар оның толық құнын өтейді де, әрі қарай өздері таратады», – деді Трамп.

Алайда Трамп бұл келісімде қару-жарақтың қаржыландыруы НАТО-ның ортақ бюджеті есебінен бе, әлде әрбір мүше мемлекеттің ұлттық бюджеті арқылы жүргізіле ме — нақтыламады.

НАТО-ның ресми деректеріне сүйенсек, альянстың жылдық бюджеті 4,6 миллиард еуроны құрайды. Бұл сома қазіргі Украинаға көрсетіліп жатқан әскери көмектен айтарлықтай төмен.

Айта кетейік, бұған дейін Германия канцлері Фридрих Мерц АҚШ-тан Patriot зымыран жүйелерін сатып алып, Украинаға беруге дайын екенін мәлімдеген болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.