Конституция жобасы бойынша референдумға 20,8 млрд теңге жұмсалмақ 4
2026 жылғы 12 ақпанда өткен брифингте Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы мүшесі Михаил Бортник Конституция жобасы бойынша 15 наурызда өтетін республикалық референдумның алдын ала бюджетін жариялады.
Оның айтуынша, референдум өткізуге қажетті шығын 20,8 млрд теңгені құрайды.
Бортниктің мәліметінше, бұл соманың шамамен 75 пайызы сайлау учаскелері комиссиялары мүшелерінің еңбекақысын төлеуге бағытталады.
«Референдум өткізуге алдын ала есептелген шығын – 20,8 млрд теңге. Бұл қаражат 2026 жылғы республикалық бюджетте қарастырылмаған. Сондықтан қаржы Үкімет резервінен бөлінеді», – деді ол.
Айта кетейік, референдум 2026 жылғы 15 наурызда өтеді.