Куркума мен триптофанның тандемі ішек денсаулығын жақсартуы мүмкін
Ғалымдар куркуманың негізгі компоненті – куркумин мен аминқышқыл триптофанды бірге қолдану олардың әрқайсысын бөлек қабылдағаннан анағұрлым тиімді екенін анықтады. Зерттеу нәтижелері Nutrients журналында жарияланды.
Тәжірибе тышқандарға жүргізілген: язва тәрізді колит жасалған жануарларда куркумин мен триптофанның қоспасы ауру белгілерін едәуір жеңілдеткен.
-
Жануарлар аз салмақ жоғалтты (−9,7% қарсы −17,1%)
-
Қан аралас іш өту сирек тіркелді
-
Ішектің ұзындығы мен құрылымы жақсы сақталды
-
Қорғаныш қабаты қалпына келді, қабыну мен тотығу стрессі төмендеді
Сондай-ақ ішек микробиотасы оң өзгерістерге ұшырады: пайдалы бактериялар көбейді, қысқа тізбекті май қышқылдары артты, ал Firmicutes/Bacteroidetes арақатынасы жақсарды.
Зерттеушілер бұл әсерді куркуминнің қабынуға қарсы қасиетімен және триптофан метаболиттерінің AhR-сигналы арқылы белсендірілуімен түсіндіреді.
Дегенмен, ғалымдар бұл нәтиже әзірге тек жануарларда дәлелденгенін атап өтті. Алдағы уақытта адамдарға арналған клиникалық зерттеулер қажет – онда тиімді доза, куркуминнің жеткізілу тәсілі мен қабылдау мерзімі нақтыланбақ.