МАГАТЭ Ирандағы ядролық соққыға байланысты шұғыл жиын өткізбек

0 39

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) Ирандағы ядролық нысандарға жасалған соққыдан кейін жағдайды бағалау үшін басқарушылар кеңесінің шұғыл отырысын өткізуді жоспарлап отыр.

Агенттік бас директоры Рафаэль Гроссидің бастамасымен өтетін жиынға ядролық технологияны меңгерген 35 мемлекет өкілдері қатысады.

Bild дерегінше, АҚШ Исфахан, Натанс және Фордо қалаларындағы Иранның ядролық объектілеріне соққы бергеннен кейін МАГАТЭ радиациялық ластану тіркелмегенін хабарлаған. Агенттік мәліметінше, аталған нысандарда не мүлде ядролық материал болмаған, не өте аз мөлшерде ғана сақталған. Егер жергілікті деңгейде ластану болса да, ол бүлінген инфрақұрылым шегінен шықпаған.

Алайда жағдай әлі де тұрақсыз. The Economist басылымы кейбір ирандық ғалымдардың есепке алынбаған ядролық материалды алдын ала алып кетуі мүмкін деген болжам ұсынды. Бұл нұсқаны Израиль де жоққа шығармай отыр. Haaretz газетінің хабарлауынша, Израиль Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Фордо нысанынан байытылған уран соққыға дейін көшірілген-көшірілмегенін анықтау әлі ерте екенін мәлімдеген.

Сонымен қатар, Иранның Атом энергиясы ұйымына қарасты Ұлттық ядролық қауіпсіздік орталығы соққы жасалған нысандарда радиациялық ластану белгілері жоқ екенін, жергілікті тұрғындарға ешқандай қауіп төнбейтінін растады. Бұл ақпаратты Maxar Technologies спутниктік бақылау мәліметтері де жанама түрде қуаттаған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.