Мәжіліс депутатының Жамбыл облысына жұмыс сапары
Жамбыл облысына Қазақстан Халық партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сейтжан К.С. іссапармен келіп, бірнеше мекемені аралап, жұртшылықпен кездесті.
Іссапар аясында депутат Жамбыл облысының экология департаментінде жұмыс кездесуін өткізді. Кездесуді департамент басшысы Нурболат Н.Н. ашты. Жиын барысында Мәжіліс депутаты Сейтжан К.С. сөз сөйлеп, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Экология комитетінің қызметі, экологиялық заңнаманы жетілдіру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Кездесу барысында департамент басшысының орынбасары Мұсабек Б.Б. өңірдегі экология саласындағы өзекті мәселелер мен қол жеткізілген нәтижелер жөнінде баяндама жасады. Сонымен қатар табиғи ресурстарды пайдалану және реттеу басқармасы басшысының орынбасары Уристенов М.А. қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін полигондар салу, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру және осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат ұсынды.
Жиын барысында Үкімет деңгейінде шешуді талап ететін бірқатар мәселелер көтеріліп, оларды жүйелі түрде шешу жолдары талқыланды. Мәжіліс депутаты Сейтжан К.С. көтерілген маңызды мәселелерді жеке бақылауына алатынын атап өтті.
Сондай-ақ кездесуге энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Тунгатов Д.С. қатысып, облыс елді мекендерін көгалдандыру, абаттандыру және «Жасыл Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар туралы баяндады.
Кездесуге табиғатты қорғау прокуратурасының өкілдері де қатысты. Прокуратура басшысының орынбасары Айтжанов С.Ш. қоршаған ортаны қорғау саласындағы қадағалау жұмыстары жөнінде ақпарат берді.
Кездесу іскерлік және жұмыс форматында өтіп, экология саласы бойынша алдағы кезеңге арналған басым бағыттар айқындалды. Заңнамалық деңгейде шешілуі тиіс мәселелер Мәжіліс депутатының бақылауына алынды. Қатысушылардың пікірінше, өткен кездесу барлық тарап үшін мазмұнды әрі тиімді болды.

