Мемлекет басшысы АҚШ-та: ірі инвесторлармен кездесу және халықаралық келіссөздер

0 3

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 21-23 қыркүйек аралығында Нью-Йорк қаласына жұмыс сапарымен барады. Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясына қатысып, бірқатар мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың басшыларымен келіссөздер жүргізеді.

 

Сапар барысында АҚШ-тың ірі бизнес өкілдерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, әлемдік жетекші компаниялардың басшыларымен кездесулер өтеді. Келіссөздер экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталмақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.