«Мемсараптама» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында қайталанатын функциялар оңтайландырылды

0 10
Құрылыс саласында баға белгілеу жүйесінің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде аталған шаралардың қажеттігі анықталды

Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы бойынша Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында әкімшілік басқару персоналының функциялары оңтайландырылды

Құрылыс саласында баға белгілеу жүйесінің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде аталған шаралардың қажеттігі анықталды.

 

— Аудиттен кейін «Мемсараптама» РМК филиалдарын ескере отырып, өз жүйесінде қолданылып жүрген бизнес-процестер мен әкімшілік басқару персоналының қайталанатын функцияларына талдау жүргізді. Нәтижесінде өндірістік қызметтің тұрақтылығына әсер ететін барлық факторларды ескере отырып, аталған функциялар орталықтандырылды. Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алуларды жүргізу, құқықтық сүйемелдеу, кадрлық іс жүргізу және бухгалтерлік есепке алу функциялары орталық аппарат жұмыскерлеріне бекітіліп, өңірлердегі штат құрылымдары оңтайландырылды,- делінген хабарламада.

Сонымен қатар бас директордың орынбасары мен әкімшілік және құқықтық жұмыс басқармасының басшысы сияқты басшы лауазымдар төмен буындағы лауазымға ауыстыру арқылы оңтайландырылды. Жалпы 2015 жылдан бері мемлекеттік «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында жатқызылған сараптамалық жұмыстар көлемінің кезең-кезеңімен нарыққа берілуіне байланысты «Мемсараптама» РМК ұйымдық құрылымды оңтайландыру, орталық аппарат пен филиалдар қызметкерлерінің саны мен штат бірліктерін 328 бірлікке қысқарту бойынша шаралар қабылдады.

— Жалпы 2015 жылдан бастап мемлекеттік монополияға жататын сараптамалық жұмыстар көлемінің кезең-кезеңімен нарыққа берілуіне байланысты «Мемсараптама» РМК орталық аппараты мен филиалдарының ұйымдық құрылымын оңтайландыру, қызметкерлері мен штат санын 328 бірлікке қысқарту бойынша шаралар қабылдады,- деп хабарламады аудиторлық палата.

Leave A Reply

Your email address will not be published.