Миллиардер Билл Гейтс бар байлығын Африка елдеріне аудармақ
Кәсіпкер Африка елдеріндегі денсаулық сақтау саласына шамамен 200 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр.
«Жуырда мен өз байлығымды 20 жылдың ішінде толықтай тарату жөнінде шешім қабылдадым. Қаражаттың басым бөлігі осы жерде, Африкада, түрлі мәселелерді шешуге көмектесуге бағытталады», – деді Билл Гейтс.