Министрлік скринингке қатысты алаяқтық туралы ескертті

0 6

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарды скринингтік тексерулерге қатысты алаяқтық жағдайларының көбейгені туралы мәлімдеме жасады.

Қауіп қалай туындайды?
Министрлік мәліметінше, алаяқтар медициналық ұйымдар атынан хабарласып, азаматтардан SMS кодты айтуын сұрайды. Олар скринингке жазылу немесе жазбаны растау сылтауымен әрекет етеді.

«Мемлекеттік медициналық мекемелер ешқашан SMS арқылы скринингке жазбаны растауды талап етпейді. Мұндай кодтар тек цифрлық қызметтерге кіру немесе қаржылық операцияларды растау үшін қолданылады. Оларды ешкімге айтуға болмайды», – деп ескертті Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрлік не ұсынады?

  • SMS немесе мессенджер арқылы келген кодтарды бөтен адамдарға бермеңіз.

  • Медициналық мекемелерден қоңырау келсе – ресми нөмірді тексеріңіз.

  • Күмән тудырған жағдайда жергілікті емханаға немесе eGov.kz арқылы өз бетіңізбен хабарласыңыз.

Еске сала кетейік, бұған дейін Бас прокуратура елде фейк және жалған ақпарат таратудың жиілегенін хабарлаған болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.