Мобильді аударымдар 1 млн теңгеден асса тексеріле ме? Қаржы министрлігі түсіндірді

0 74

Қазақстан Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл үкімет брифингінде мобильді аударымдарға қатысты жиі қойылатын сұраққа жауап берді. БАҚ өкілдері шенеуніктен:
«Егер мен туыстарымнан ай сайын 300 мың теңге алып отырсам, үш айда 1 миллион теңгеден асып кетеді. Мұндай жағдайда мені салық органдары тексере ме?» — деп сұрады.

Министрлік өкілінің жауабы бойынша:
Тексеру күнтізбелік үш ай ішінде 1 миллион теңгеден асқан мобильді аударымдарға қатысты жүргізіледі. Бұл сома бір ай емес, нақты үш ай мерзіміне есептеледі. Яғни, ай сайын 300 мың теңге көлеміндегі аударымдар бақылау шегінен асып кеткен жағдайда тексерілуі мүмкін.

«Бұл шек – Мемлекеттік кірістер комитеті тарапынан ұсынылған, олар репрезентатив деректерге сүйене отырып, 1 млн теңгені шартты түрде қауіпсіз деңгей ретінде бекітті. Бұл шешімді Экономикалық саясат жөніндегі кеңес мақұлдады», – деді вице-министр.

Тексеру қалай жүргізіледі?
Егер азаматтың атына ірі сомадағы аударымдар түсіп отырса, салық органдары бұл қаражаттың қайдан келгенін сұрауы мүмкін. Алайда:

  • Егер ақша туыстардан түссе және бұл кәсіпкерлік қызметпен байланысты болмаса – азамат түсініктеме беріп, ешқандай проблема болмайды.

  • Кәсіпкерлік қызметтен түскен табыс жасырынып отырса – заң бойынша шаралар қолданылуы мүмкін.

Мақсат – көлеңкелі экономиканы азайту
Вице-министрдің айтуынша, бұл шаралар салық төлеуден жалтарып жүрген жосықсыз кәсіпкерлерге бағытталған. Ал адал азаматтарға бұл тетік қиындық тудырмайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.