Нұрәли Әлиев Канндағы қайырымдылық кешіне кіммен барды?
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұрәли Әлиевтің аты тағы да ел арасында қызу талқылануда. Бұл жолы ол Францияның Канн қаласында өткен сән-салтанатқа толы қайырымдылық шарасында бой көрсетті.
Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, Нұрәли бұл кешке “Назарбаевтың ұлы” деп көрсетілген Тауман Назарбаевпен бірге барған. Бұл бірден жұртшылықтың қызығушылығын оятып, түрлі болжамдарға себеп болды.
Алайда көп ұзамай Нұрәли Әлиев өзінің Instagram-сторисінде бұл ақпаратқа нүкте қойды. Ол Тауман емес өзінің ұлы Алан екенін нақты жазып, барша қауымға шынайы байланысын жария етті.