Нұрлан Қоянбаев ауруханаға түсті: тележүргізуші жанкүйерлеріне үндеу жасады
Қазақстандық танымал тележүргізуші Нұрлан Қоянбаев ауруханаға түсті.
Өнер иесі Instagram парақшасының stories бөлімінде емханада жатқан суретін жариялап, оқырмандарына жүрекжарды жазба қалдырды.
«Денсаулық – ең қымбат сыйлық, ең басты капитал. Бірақ біз кейде оны ұмытып кетеміз. Көңіл күймен жүр. Саяхатта. Арманда. Өмір бір рет беріледі. Оны ренішпен емес, ризашылықпен өткіз», – деп жазды ол.
Сондай-ақ тележүргізуші қиын сәтте қолдау білдірген жанкүйерлеріне алғысын жеткізді.
Жарияланған фотода Қоянбаевтың науқастарға арналған төсекте жатқаны көрінеді. Қасында ноутбук, жеміс-жидек пен тәттілер қойылған. Алайда оның нақты диагнозы немесе денсаулық жағдайы туралы мәлімет берілмеді.