Нұрлан Сабуровтың Мәскеу маңындағы зәулім үйі мен элиталық көліктері жұртшылыққа белгілі болды

0 44

Қазақстандық стендап-комик Нұрлан Сабуровтың Ресейде, Мәскеу маңындағы элиталық ауданда орналасқан зәулім үйі бары анықталды. Бұл туралы SHOT Telegram-арнасы хабарлады. Артист «Новорижский» тұрғын үй кешеніндегі құны шамамен 115 миллион рубльді (731 миллион теңге) құрайтын зәулім коттеджде тұрады.

Мәліметке сәйкес, үй 1285 шаршы метр аумақта орналасқан. Сабуров бұл жер телімін 2022 жылы 12,2 миллион рубльге сатып алған. Үйде онымен бірге әйелі мен үш баласы тұрады. Алайда отбасы мүшелерін көпшілікке көрсетпеуді жөн көреді.

🚗 Сондай-ақ, Сабуровтың иелігінде екі қымбат көлік бар:
Mercedes-Benz G-Class (2018 ж.), мемлекеттік нөмірі – SBR. Бағасы шамамен 20 миллион рубль (128 млн теңге);
Cadillac Escalade (2021 ж.), бағасы 11 миллион рубль (70 млн теңге) шамасында.

📍 Бірақ 19 мамыр күні Сабуров көші-қон ережесін бұзғаны үшін Шереметьево әуежайында ұсталды. Ол Ресейде рұқсат етілген 90 күндік мерзімді асырып, заң талабын бұзған. Нәтижесінде комик айыппұл төлеп, елден шығуға міндеттелді. Оған көші-қон заңына сәйкес елге қайта кіру үшін екі апта уақыт берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.