Отандық кадеттер бес медаль олжалады: Софиядағы әлем чемпионатындағы жарқын нәтиже

0 21

Софияда (Болгария) өткен кадеттер арасындағы дзюдодан әлем чемпионаты мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы бұл додада жалпы есепте бес жүлде жеңіп алып, жасөспірімдер дзюдосындағы әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді. Қоржында — бір алтын, бір күміс және үш қола.

60 келіге дейінгі салмақта Ернұр Батырғали қарсыластарын тізе бүктіріп, чемпион атанды. 66 келіге дейінгі салмақта Мұхаммедәлі Жылқайдар финалда белдесіп, күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал қола медальдарды 50 келіге дейінгі салмақта Арман Мыса, 66 келіге дейінгі салмақта Ролан Қайырғали және 90 келіден жоғары салмақта Әділжан Жаудинов жеңіп алды.

Бұл нәтижелер ұлттық құраманың кадеттер деңгейіндегі жүйелі дайындығы мен бапкерлер еңбегінің жемісін көрсетті. Жерлестеріміздің табысы отандық дзюдодағы жас буынның халықаралық аренада бәсекеге қабілетті екенін айқындап, алдағы жарыстарға жаңа серпін берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.