Өзбекстан әуекомпаниясы Ташкент – Атырау бағыты бойынша рейс ашады

0 4
Өзбекстанның Uzbekistan Airways әуекомпаниясы 2026 жылғы 29 наурыздан бастап Ташкент – Атырау бағытында жаңа рейсті іске қосатынын мәлімдеді

Әуе компаниясы рейстерді аптасына 2 рет (дүйсенбі және жұма күндері) «Airbus A320» үлгісіндегі әуе кемелерімен орындауды жоспарлап отыр.

Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, жаңа әуе қатынасын ашуға 2025 жылғы 14 тамызда Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы авиациялық билік органдары арасында өткен келіссөздер алғышарт болды.

Келіссөздер барысында екі ел арасындағы халықаралық рейстерді орындау үшін құқықтық базаны одан әрі кеңейту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

«Әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы іскерлік, сауда-экономикалық және туристік ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал етеді», – делінген хабарламада.

Leave A Reply

Your email address will not be published.