Параолимпиада ойындарының чемпионы Зульфия Габдуллина Парижде жүлдесіз қалды

0 12
58 жастағы спортшы бірінші айналымнан әрі аса алмады

Қазақстан параолимпиялық ойындары тарихында алғашқы алтын медаль иеленген жамбылдық Зульфия Габдуллина Парижде өтіп жатқан төрт жылдықтың басты бәсекесінде жүлдеге қол жеткізе алмады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

58 жастағы спортшы бүгін жарыс жолына шықты.

Алайда жерлесімізге 150 метр қашықтықты тиісті уақытта еңсеру қиынға соқты.

Ол бұл қашықтықты 3 минут, 52, 40 секундта бағындырып, 10-шы яғни соңғы орынға табан тіреді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы сапындағы жасы ең үлкен спортшымыз жарысты аяқтады.

Еске салайық, Зульфия Габдуллина жүзуден 2016 жылы Рио-де-Жанейро Параолимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алған. Оның бұл медалі Қазақстан параолимпиялық ойындары тарихындағы алғашқы жүлде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.