«Пари Сен-Жермен» тарихындағы алғашқы Чемпиондар лигасы жеңісіне қол жеткізді
Францияның атақты футбол клубы «Пари Сен-Жермен» UEFA Чемпиондар лигасында алғаш рет чемпион атанды. Финалдық матч барысында команда өте жинақы әрі сенімді ойын өрнегін көрсетті.
Ойынның 12-минутында Ашраф Хакими есеп ашса, артынан Дезире Дуэ 20 және 63-минуттарда дубль авторы атанды. 73-минутта Хвича Кварцхелия, ал 86-минутта Сенни Маколу есепті еселеп, команданың жеңісін түйіндеді.
Нәтижесінде, париждіктер қарсыласын 5:0 есебімен ойсырата жеңіп, Чемпиондар лигасының жаңа чемпионы атанды.