Президент бір палаталы Парламент құру бастамасын көтерді

0 21

Президент Жолдауында елімізде бір палаталы Парламент құру бастамасын жариялады. Оның айтуынша, бұл мәселе аса маңызды әрі жауапты реформа болғандықтан, асығыс қабылданбауы тиіс.

«Мен Сенатқа он жыл басшылық еттім. Бұл жұмысты қашанда зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік деп санадым. Сондықтан дәл бүгін елімізде көп ұзамай бір палаталы Парламент құру туралы бастама көтергім келеді», – деді Мемлекет басшысы.

Президент бұл реформаны азаматтық секторда, сарапшылар ортасында және қазіргі Парламентте жан-жақты талқылау қажет екенін атап өтті. Мемлекет басшысы ұсынысты бір жыл көлемінде талқылап, содан кейін 2027 жылы жалпыұлттық референдум өткізуге болатынын айтты.

«Мемлекеттің тағдырын айқындайтын барлық мәселе халықтың келісімімен ғана шешіледі. Егер бір палаталы Парламент құру қажет деген шешім қабылданса, онда мұндай Парламент тек партиялық тізім бойынша сайлануы тиіс», – деді Президент.

Leave A Reply

Your email address will not be published.